Все новости
8 сентября 2021

БИЗНЕС ЖАҢА ӨНДІРІСТЕРГЕ 220 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАП, 2000 ЖҰМЫС ОРНЫН АШТЫ

2021 жылдың басынан бері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы 11 мыңнан аса кәсіпкерге қолдау көрсетіп, тапсырыспен қамтамасыз еткен. Бұл туралы ҚазАқпаратқа «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметінен хабарланды.

«Импортты алмастыратын тауарлардың пулы бекітілді, оған жалпы құны 121 млрд теңгеден асатын 627 тауар түрі енді. Қазіргі таңда, 139 оффтейк-келісімшарт жасалып отыр, олардың жалпы сомасы 76,4 млрд теңге», — деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.

Жалпы, осы 139 келісімшарттың 55-іне биыл қол қойылған, олардың жалпы сомасы 49 млрд теңгеден асқан. Ал, маусым айында «ПРОММАШ КЗ» ЖШС-мен жасалған оффтейк-келісімшарттардың саны рекорд көрсетті. Бұл компаниямен жалпы сомасы 42 млрд теңгенің келісімшарттарына қол қойылған.

«Осы ынтымақтастықтың арқасында 305 жаңа жұмыс орны сақталып, тіпті, жаңадан 120 орын ашылған. Бұдан бөлек, 5,5 млрд теңге көлемінде бюджетке салық түседі деген болжам бар. Инвестиция көлемі болса, 2,5 млрд теңгеге дейін артты. Бұл кәсіпорынды жаңа деңгейге көтеріп, өнімділікті күшейтеді, сондай-ақ, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартады», — дейді зауыттың бас директоры Дмитрий Матасов.

Айта кететін бір жайт, «ПРОММАШ.KZ» ЖШС «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тауар өндірушілері тізіміне енген зауыт

https://www.inform.kz/kz/biznes-zhana-ondiristerge-220-mlrd-tenge-investiciyalap-2000-zhumys-ornyn-ashty_a3833578?fbclid=IwAR1kwlQO54IRcPPS2ZwnTePoFltCqoJ4sQoewJ26t8wqti5zG3gm8auBiv8