Сатып алуды санаттық басқару бойынша Қордың құзыреттер орталығының функцияларын «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың сатып алу қызметін басқару стандартына сәйкес жүзеге асырады.
Қордың Құзыреттер орталығының негізгі мақсаттары:
- Қор деңгейінде сатып алудың санаттық стратегияларын әзірлеу және іске асыру;
- Қордың деңгейінде сатып алудың санаттарын басқару;
- «Самұрық-Қазына» АҚ-да сатып алуды санаттық басқару бойынша әдіснамалық басшылық ету және қолдау;
- Қор ұйымдарының сатып алу санаттарын мониторингілеу және үйлестіру;
- Сатып алуды санаттық басқаруды орталықтандырылған дамыту.
Қордың Құзыреттер орталығының функциялары:
- Қор Санаттарының тізбесін қалыптастыру және бекіту;
- Сатып алуды санаттық басқару бойынша сатып алу қызметінің Стандартын өзектендіру;
- «Самұрық-Қазына» АҚ-да Сатып алу санаттарын басқару жөніндегі қағидаларды әзірлеу және өзектендіру;
- Сатып алудың санаттық стратегияларының әсеріне қол жеткізуді тұрақты негізде мониторингтеу;
- Қор үшін сатып алудың санаттық стратегияларын әзірлеу және өзектендіру;
- Өнім берушіні таңдау, Қордың сатып алудың санаттық стратегияларын іске асыру үшін келіссөздер жүргізу;
- Әзірленген және іске асырылған сатып алудың санаттық стратегиялары бойынша білім базасын қалыптастыру және жүргізу;
- Қор ұйымдарын санаттық сатып алуды басқаруға оқыту;
- Сатып алудың санаттық стратегияларын әзірлеу және іске асыру кезінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға кіретін ұйымдарға сараптамалық қолдауды жүзеге асыру;
- Сатып алуды санаттық басқару бойынша есептілікті қалыптастыру.
2017-2021 ж. нәтижелері бойынша Қордың Құзыреттер орталығы 12 сатып алудың санаттық стратегиясын (ССС) әзірледі:
- Жеңіл автомобильдер мен автобустар;
- Электр энергиясы;
- Кәбілді-өткізгіш өнім;
- Арнайы аяқкиім;
- IT жабдықтар мен байланыс жабдықтары;
- Байланыс қызметтері;
- Май және майлау;
- IT бағдарламалық қамтылымы;
- Жүк автомобильдері және арнайы техника;
- Отын;
- Арнайы киім.
Медициналық сақтандыру (алып тасталды)