«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы.
2007 жылғы тамызда «Телеком-Инвест Самұрық» ЖШС ретінде құрылды. Қор Басқармасының 2009 жылғы 12 наурыздағы шешімімен (№14/09 хаттама) «Телеком-Инвест Самұрық» ЖШС «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС деп аталды.
Қызметтің негізгі мақсаттары
- «Самұрық-Қазына» АҚ тобы компанияларының сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесінің мониторингі;
- «Самұрық-Қазына» АҚ тобының компаниялары сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бағаларының маркетингін жүзеге асыру.
Қызметтің басым бағыттары
- Сатып алу саласында Қордың саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
- Қор компанияларының сатып алуларын мониторингілеу және талдау;
- «Самұрық-Қазына» АҚ-та сатып алуды жетілдіру бойынша құжаттарды әзірлеуге қатысу;
- Әлеуетті өнім берушілердің, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің кешенді деректер қорын қалыптастыру;
- Сатып алынатын тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі қазақстандық қамту мониторингі;
- Сатып алу саласындағы ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және олардың жұмыс істеуі;
- Адал және сенімсіз өнім берушілердің тізімдерін қалыптастыру және жүргізу.
Миссиясы
Үздік халықаралық стандарттар негізінде ашықтықты, тиімділікті арттыру бөлігінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на кіретін ұйымдардың сатып алу жүйесін жетілдіру және дамыту
Пайымы
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Қордың сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органы бола отырып, 2022 жылға қарай сатып алу саласындағы ақпараттық-талдау қызметтерінің қазақстандық нарығында жетекші орынға ие, серпінді дамып келе жатқан компания болуды жоспарлап отыр
Қағидаттары
- Ашықтық немесе «транспаренттілік» — сатып алу туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі;
- Ашық және тиімді бәсекелестік — кемсітушілікке жол бермеу;
- Әділдік — сатып алудың барлық қатысушылары үшін тең мүмкіндіктер.