«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ның 2019-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясы Серіктестіктің Байқау кеңесінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы шешімімен келесі сипаттамалармен бекітілді:
Компанияның миссиясы - сатып алу қызметі саласында Қордың портфельдік компанияларының операциялық тиімділігін арттыруға белсенді жәрдемдесу.
Пайымы: 2028 жылға қарай компания өзін Қордың сатып алу саласында сервистік қызметтердің кең спектрін жүзеге асыратын Қордың көпфункционалды орталығы ретінде танытуы тиіс.