Дербес деректерді өңдеуге келісім
Мен, www.skc.kz сайтында нысанды толтыра отырып, Біліктілік органының қызметкерлеріне «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасы заңының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптары шеңберінде ғана менің дербес деректерімді Интернет арқылы өңдеуге, сақтауға және үшінші тұлғаларға беруге өз келісімімді беремін.
Мен өз еркіммен және өз мүддем/өзім білдіретін компанияның мүддесі үшін әрекет ете отырып, осындай келісім беретінімді растаймын. Менің дербес деректерімді ұсынудың мақсаты zakup.sk.kz порталында алдын ала біліктілік іріктеуден өтуге және құжаттарды белгіленген біліктілік өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан алдын ала бағалауға қатысты хабарламалар, сұрау салулар жіберуді қоса алғанда, www.skc.kz сайты арқылы Біліктілік органының қызметкерлерімен байланыс орнату болып табылады.
Мен өзім ұсынған дербес деректер үшін, оның ішінде олардың толықтығы, дұрыстығы, екіұшты еместігі және тікелей маған және мен көрсеткен компанияға қатыстылығы үшін дербес және толық жауапты болатынымды мойындаймын және растаймын.
Мен «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құқықтармен және міндеттермен, оның ішінде дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді кері қайтарып алу тәртібімен танысқанымды растаймын.