«Самұрық-Қазына» АҚ Құзыреттер орталығы сатып алудың санаттық стратегияларын әзірлеу, әзірленген және/немесе бекітілген сатып алудың санаттық стратегиялары бойынша сараптамалық қолдау, сондай-ақ сатып алуды санаттық басқару бойынша семинарлар өткізу бойынша қызметтер көрсетеді. Қызметтерді көрсетудің негізгі мақсаты – сатып алу қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ ТЖҚ-ны сатып алуға жұмсалатын шығындарды оңтайландыру және сатып алуды санаттық басқару есебінен іріктемелі санаттар бойынша иеленудің жиынтық құнын төмендету. Құзыреттер орталығының қызметтері «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директорының 2021 жылғы 7 шілдедегі № 112-s бұйрығымен бекітілген «Самұрық-Қазына Контракт» АҚ Құзыреттер орталығының сатып алу санаттарын басқару бойынша қызмет көрсету жөніндегі «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ның Стандартымен регламенттеледі.
Қордың Құзыреттер орталығының көрсетілетін қызметтер тізбесіне тарифтер:
Қызметтің атауы | Сағат саны | Теңге құны (ҚҚС-сыз) |
---|---|---|
Портфельдік компаниялар үшін сатып алудың санаттық стратегиясын әзірлеу | 3 112 | 10 722 544 |
Сараптамалық қолдау-портфельдік компаниялар үшін сатып алудың санаттық стратегиясы бойынша сараптамалық қорытынды дайындау | 200 | 1 451 240 |
«Сатып алуды санаттық басқару» тақырыбына оқыту, семинарлар өткізу (бір қызметкерге) | 120 | 870 744 |