Комплаенс
Табысты компаниялардың қызметі сенімге негізделген. Компанияның адал әрі ашық бизнес жүргізуі әлеуетті контрагенттер үшін маңызды. Сол себепті «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС (Серіктестік) өз жұмысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік комплаенс тәжірибелеріне сәйкес жүргізеді.
Серіктестіктегі комплаенс функциясы өз қызметін «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Комплаенс-офицер туралы ережеге сәйкес жүргізеді және Серіктестіктің Байқау кеңесіне бағынатын және есеп беретін тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады.
Қызметтің негізгі мақсаты – Комплаенс бағдарламасын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты айқындау, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес және тәуелді компанияларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуын бақылау.
Байланыс ақпараты
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-нің әрбір қызметкері немесе кез келген үшінші тұлға кез келген қызметкердің, мердігерлік ұйымның немесе қызметі «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС -мен байланысты басқа да тұлғалардың іс-әрекеттерінің заңдылығына қатысты қандай да бір күмән туындаған жағдайда «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС хабардар етуге құқылы.
Бұл ақпарат этика және алаяқтыққа, ұрлыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тәуелсіз сенім телефоны арқылы хабарлануы мүмкін:
Құпия ақпарат телефоны: 8 800 080 47 47
WhatsApp нөмірі: +7 771 191 88 16
Электрондық пошта: mail@sk-hotline.kz
Интернет-портал: www.sk-hotline.kz