Жоба туралы
Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы (ТЖҚ БНА) - сатып алу процестерін жоспарлау, есепке алу және талдау үшін Қазақстан Республикасының барлық реттелетін сатып алуларында қолданылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы.
ТЖҚ БНА кодтары негізінде келесі жүйелер жұмыс істейді:
- Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі (ЭСАЖ);
- мемлекеттік сатып алу порталы (goszakup.gov.kz);
- квазимемлекеттік сектордың сатып алу алаңдары (mitwork.kz);
- жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу порталы (reestr.nadloc.kz, 2022 жылғы сәуірден бастап);
- сондай-ақ, сатып алудың бірыңғай терезесі – «Атамекен» ҚР ҰКП құрған Қазақстанның сатып алу деректері бар талдау порталы.
ТЖҚ БНА кодтарымен жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін enstru.kz жеке порталы бар.
ТЖҚ БНА кодының құрылымы:
221111.100.000001
- 221111 — 6 белгі — СЭҚ ТН
- 100 — 9 белгі — ҚР Статистика жөніндегі уәкілетті органның ведомстволық анықтамалығы
- 000001 — 15 белгі — ТЖҚ атауы
ТЖҚ БНА кодтарын бекіту жөніндегі комиссияның құрамы:
- ҚР Қаржы министрлігі
- ҚР Сауда және интеграция министрлігі
- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
- ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
- «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы
- «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС