«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғалардың офтейк-келісімшарттарын жасау және орындау тәртібі (жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесу бағдарламасы), «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 59/21 шешімімен бекітілген (бұдан әрі – Тәртіп).
Тәртіп Қазақстанда жаңа өндірістерді ынталандыру мен құруға бағытталған және жаңа өндірістер құру жөніндегі жобаларға (бұдан әрі – Жоба) бастамашылық ету, қарау, келісу және бекіту механизмін көздейді.
Тәртіптің мақсаты – импортты алмастыру үшін Жобаларды іріктеу.
Қордың Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 190 шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес Тапсырыс беруші жаңа өндірістерді құру жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде әлеуетті өнім беруші өндіретін тауарды сатып алған жағдайда «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бағалық маркетингтік қорытындысы негізінде офтейк-келісімшарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға міндетті (тендерлік немесе өзге де бәсекелес сатып алуды өткізбей).
Тәртіпті іске асыруға қатысудың негізгі шарты – тауарға ұзақ мерзімді қажеттілік, сондай-ақ ұқсас тауарларды отандық өндірушілердің болмауына байланысты осы тауар импортының болуы.
Тәртіп келесідей жүзеге асырылады.
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдары тобымен импортталатын Тауарлар пулын қалыптастырды. Аталған тізбе «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директорының бұйрығымен бекітіледі және сайтта жарияланады. Тауарлар пулы тоқсан сайынғы негізде өзектендіріледі.
Сонымен қатар қазақстандық кәсіпкерлер үшін Тауарлар пулына жаңа өнімді енгізу бойынша ұсыныстар жіберу мүмкіндігі қарастырылған.
Бірінші кезеңде кәсіпкер «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ға («еGov» порталы арқылы / «Documentolog» электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы / Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 17-үй, 10-құрылыс мекен-жайы бойынша кеңсе қызметі арқылы (қағаз түрінде) белгіленген нысан бойынша өтінім береді.
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Тауарлар пулында қаралатын тауар болған жағдайда, өтінімді Тәртіп талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және ескертулер болмаған жағдайда басқа әлеуетті кәсіпкерлерден баламалы өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру жариялайды (10 жұмыс күні).
Екінші кезеңде «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС маркетингтік бағаны анықтау бойынша іс-шаралар өткізеді және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның портфельдік компанияларының Жергілікті жобалық кеңселеріне және «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-ның қарауына өтінім жібереді (кәсіпкер жобаны бірлесіп іске асыруға мүдделі болған жағдайда).
«Самұрық-Қазына» АҚ Портфельдік компанияларының Жергілікті жобалық офистері 20 күнтізбелік күн ішінде жоба бойынша келіп түскен өтінімдерді қарайды және «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ға офтейк-байланыс жасауға дайын екендігі туралы немесе бас тарту себептерін негіздей отырып, Жоба бойынша ескертулердің бар екендігі туралы жазбаша қорытындыны жібереді.
Үшінші кезеңде «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Портфельдік компанияларының Жергілікті жобалық офисінің қорытындысын және баға маркетингтік қорытындысының нәтижелерін алғаннан кейін Жобаны бағалайды.
Жобаны бағалау нәтижелері кәсіпкердің және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Комиссиясына қарауға жіберіледі.
Төртінші кезеңде Жоба бойынша өтінімді «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Комиссиясы қарайды.
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Комиссиясы Жоба бойынша материалдарды қарайды және мынадай шешімдерді қабылдайды:
- Жобаны мақұлдайды;
- Жобаны түзетуге жібереді;
- Жобаны қабылдамайды;
- Жобаны жояды.
Бесінші кезеңде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Комиссиясы Жобаны мақұлдағаннан кейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ұйымдары Жобаны «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ның Жобалар тізбесіне енгізу туралы хабарламасын алған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қамтамасыз етеді:
- Жоба бойынша тауарларды сатып алу бөлігінде ұзақ мерзімді жоспарларды қоса алғанда, сатып алу жоспарларына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу, оның ішінде техникалық мүмкіндік болған жағдайда сатып алынатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құрамынан осындай тауарларды шығару жолымен;
- «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес бір көзден алу тәсілімен офтейк-келісімшарттар жасасу.
Кәсіпкер Жаңғырту немесе жаңа өндіріс құру жөніндегі жобаны іске асыруға тікелей кіріседі.
Жобаны іске асырудың соңғы сатысында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Мониторингтік топ (Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен және Тапсырыс берушілерден) құрады және өтінімде (бизнес-жоспарда) және жасалған офтейк-келісімшартта көрсетілген кәсіпкердің мәлімделген көрсеткіштерінің жобаны бағалау өлшемшарттарының көрсеткіштеріне сәйкестігін / сәйкес еместігін анықтау мақсатында өндірістік алаңға көшпелі техникалық байқау өткізеді.