Атқарушы органның қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін құрамында кемінде үш адам болатын Серіктестіктің Байқау кеңесі (бұдан әрі – Байқау кеңесі) құрылады. Байқау кеңесінің мүшелерін Жалғыз қатысушы бес жылдан аспайтын мерзімге сайлайды.
Серіктестіктің Байқау кеңесінің отырысында шешімдер отырысқа қатысып отырған Байқау кеңесі мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Байқау кеңесінің құзыретіне келесі мәселелерді шешу кіреді:
- Серіктестіктің Даму жоспарын және бюджетін бекіту;
- Серіктестік қызметінің басым бағыттарын айқындау;
- Серіктестіктің ақпараттық саясатын, есеп саясаты мен Даму стратегиясын, штат санын, тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі рәсімдерді, коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат тізбесін бекіту және оларды Серіктестік жұмыскерлерінің жария етпеу мерзімін белгілеу;
- Серіктестіктің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау;
- Тізбесін Байқау кеңесі айқындайтын мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау.